Баку. 5 қараша. 7kun.kz – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның қаржы саласындағы ассоциациялары бірігіп Түркітілдес мемлекеттердің банк қауымдастықтарының кеңесін құрды, деп хабарлады Интерфакс-Әзірбайжан.
«Бейсенбі күні Ыстамбұлда өткен кездесу барысында Түркітілдес мемлекеттердің банктік қауымдастықтар кеңесін құру туралы шешім қабылданды және тиісті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды», - деп хабарлады Әзірбайжан банктерінің ассоциациясы (ABA).
ABA мәліметтері бойынша, Кеңес мүше елдер арасында тауарлар мен қызметтерді ұсынуды кеңейту, ұйымдастырылған қаржылық және банктік қызметтермен капитал қозғалысы, түркітілдес елдердің қаржы институттары арасында тікелей корреспонденттік қатынастар орнату, заманауи ақпараттық технологиялар мен халықаралық стандарттар негізінде қаржылық қызметтердің инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмыс істейді.
Сонымен қатар Кеңесте қатысушылардың қаржылық және банктік заңнамасын, оның ішінде нормативтік құжаттарды және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру саласындағы бірлесен жобалар талқыланбақ.
АБА-да атап өтілгендей, Кеңес отырыстары Кеңеске мүше елде ротация негізінде жылына бір немесе екі рет өткізілетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024