Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz - Twitter әлеуметтік желісі пайдаланушылардың жеке деректерін жария еткені үшін 150 миллион доллар айыппұл төлейді. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі мен Федералды сауда комиссиясының (ФТК) Әділет министрлігінің сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
АҚШ билігінің шағымына сәйкес, Twitter әкімшілігі 2013 жылдың мамырынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін пайдаланушыларға құпия деректерді пайдалану туралы дұрыс ақпарат бермеген. Сайт мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушылардың телефон нөмірлері мен электронды пошта мекенжайларын мақсатты түрде пайдаланған. Барлығы, 140 миллионнан астам қолданушының дерегі қамтылған.
Twitter айыппұл төлеуге келісіп, деректерді қорғау шараларын қабылдауға уәде берді. Атап айтқанда, әлеуметтік желі әкімшілігі деректердің құпиялылығы мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді бағдарлама әзірлеуге және болашақта деректер қауіпсіздігі жүйесіне тұрақты тексерулер жүргізуге міндетті. Сонымен қатар, компания пайдаланушылардың жеке ақпаратын жинайтын кез-келген жаңа өнімді немесе қызметті енгізу туралы есеп беруі керек.
Сәуір айының соңында Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алған еді. Кәсіпкер компанияны сатып алғаннан кейін Twitter жұмысындағы өзгерістер туралы ескертті. Ол жұмыс стандарттары мен қызметкерлерге қойылатын талаптар артады деді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024