Twitter акционерлерінің бірі Марк Бейн Раселл американдық кәсіпкер Илон Маскты компаниядағы үлесі туралы деректерді уақытында жарияламағаны және акцияларды арзан бағамен сатып алғаны үшін сотқа берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Арызданушы тарап Масктың компания акцияларын қаңтар айында сатып ала бастағанын және 14 сәуірге дейін онда әлеуметтік желі қағаздарының 5%-дан астамы болғанын айтады. Заң бойынша, кәсіпкер бұл туралы АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына 24 наурызға дейін хабарлауы керек болған.
Ал миллиардер тек 4 сәуірде Twitter акцияларының 9%-дан астамын иеленгеннен кейін ғана тиісті деректерді ұсынған. Маск Twitter-дегі өз үлесінің мөлшері туралы айтқаннан кейін, баға белгілеулер күрт көтерілген еді. Арызданушылардың сөзінше, Масктың кесірінен компания көп табыс табу мүмкіндігін жіберіп алып, зиян шеккен.
Айта кетейік, Tesla және SpaceX негізін қалаушы 2022 жылдың наурызында өзінің Twitter-де 9,2% үлесі бар екенін хабарлағаннан кейін, компанияның акциялары бірден 25%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ, кәсіпкер Twitter-дің директорлар кеңесіне кіруден бас тартты. Қазір компания қызметкерлері онымен жұмыс істеуге қорқады. Өйткені олар миллиардер әлеуметтік желіні сынап, оның ішкі саясатымен санаспайды деп ойлайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024