Twitter басшысы Джек Дорси өзіне тиесілі компания акцияларының үштен бір бөлігін қызметкерлеріне берді. Бұл туралы forbes.kz хабарлайды.
Командасы үшін сыйға берілген құнды қағаздардың бағасы 200 миллион долларды құрады. Д. Дорси өзінің бұл әрекетін Twitter қызметкерлеріне салынған инвестиция деп түсіндірді. Д.Дорси Twitter-дің бас директоры болып қазан айының басында бекітілді және 2008 жылға дейін осы қызметті атқарған болатын. Ол 13 қазанда компания бизнесінің тиімділігі үшін штат қызметкерлерінің 8 пайызын қысқартатыны туралы мәлімдеген. Нәтижесінде 4,1 мың қызметкердің 336-ға жуығы жұмыстан босатылды. Twitter сервисі - қысқа мәтіндермен хабар алмасатын микроблог. Оның басты ерекшелігі - хабарлама үшін 140 белгіден тұратын лимит енгізілген. Сервис 2006 жылдың шілде айынан бері жұмыс істеп келеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024