Twitter бас директоры Дик Костоло қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Қызметінен 1 шілдеден бастап кетеді. Бірақ, компанияның директорлар кеңесіндегі орны сақталады. Бұл жөнінде ол Twitter-дегі өз микроблогында жария етті. Орнына уақытша Джек Дорси келмек.
«Мен Twitter командасымен мақтанамын. Және менің компанияда болған алты жылымда жеткен жетістіктерімен де мақтанамын. Біздің нақты стратегиямыз бен артықшылықтарымыз бар», — делінген Костолоның мәлімдемесінде. Ал, Дорсиге қатысты "Туиттердің басшылығына ауыспалы кезеңде одан артық лайық адам жоқ" деп отыр.
Our CEO, @dickc, will step down as CEO, and we’ll welcome @jack as Interim CEO on July 1 #TWTRannouncement: http://t.co/q8Ygg91jzc
— Twitter (@twitter) 11 июня 2015
Туиттердің микроблогтар қызметі 2006 жылы ашылған. Штаб-пәтері Сан-Франциско қаласында орналасқан. Дик Костоло компанияға 2009 жылы қыркүйекте келген. Бір ай өткен соң операциялық директор болып тағайындалады. Эв Уильямс қызметінен кеткен соң, 2010 жылы компания басшылығына келген.
Джек Дорси Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі. Ол компанияны 2008 жылға дейін басқарған. Дорси Twitter-ден кеткен соң Square интернет-төлемдер қызметін іске қосты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024