Қазақстан темір жол саласы қызметкерлерінің жұмыс аптасы мен жалақылары қысқаратын болды. Бұндай шешім 13 мың адамды қысқартуды алдын-алу үшін қабылданып отыр. Бұл жөнінде көлік саласы кәсіподақтарының басшысы Оразғали Ахметбаев хабарлады.
ҚР көлік кәсіподағы төрағасы Оразғали Ахметбаев "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ кәсіпорындарының құрамына кіретіндер толық емес жұмыс аптасы режиміне ауысатын болады дейді.
"Біз қысқартылған режимге ауысамыз. Ол үшін кесте даярлап жатырмыз. Темір жолдың жұмысында ерекшеліктер көп, тәулік бойы жұмыс жасау керек. 1 қыркүйектен бастап біз толық емес жұмыс аптасына көшеміз", - дейді Ахметбаев.
Жаңа жұмыс кестесі жылдың соңына дейін сақталуы мүмкіндігін ескертеді кәсіподақтар басшысы.
Жұмыс кестесінің қысқаруы кеңседе жұмыс істейтіндерге де қатысты. Енді олар үшін жұмыс уақыты күнінен 8 сағат емес, 7 сағат болды.
Ахметбаевтың сөзіне сүйенсек, уақыт пен жалақыны қысқарту арқылы сала қызметкерлерінің қысқаруын алдын-алуға болады.
Ақпарат көзі: Информбюро
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024