Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Техникалық орталығы жүк вагондарын шығаруды дамыту бағдарламасын жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының директоры Азамат Жанкелдінің айтуынша, бағдарлама бойынша қазақстандық жүк вагондарын шығаратын кәсіпорындарға бірыңғай техникалық талаптар қойылады.
«Жаңа жабық вагондар, жартылай вагондар, цистерна және платформалар Жылжымалы құрамға қатысты Техникалық регламенттеудің міндетті талаптарынан өтіп, сертификатталған соң, мемлекетаралық бағдарларға да шығуға рұқсат алатын болады», — деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, жаңа жылжымалы құрамдарға қойылатын маңызды талаптар — көлемін арттыру, жөндеу аралығы мерзімін ұзарту, конструкциялық жылдамдық, жүк көтеру қуатын көбейту, жүк вагондарының қорабының салмағын азайту.
«Жүк вагондарын шығаруды қолдаудың бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жылына 6 жүк вагоны өндірістен шығарылса, 1,5 мың жұмыс орны ашылады. Еңбек көрсеткіші 1,9 есеге көтеріледі», — дейді Техникалық орталықтың басшысы.Жүк вагонына қойылатын талаптар 2017 жылдың аяғына дейін бекітіледі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024