Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Уақытша тіркеуге қатысты үкіметтің жауабы қандай?

Уақытша тіркеуге қатысты үкіметтің жауабы қандай?

Сейсенбі үкімет отырысында Қазақстан үкіметі уақытша тіркеу туралы өзгерісті талқылады. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезек туралы, көпшіліктің наразалығы мен құзырлы органдардағы түсіндіру жұмыстарының неге нашар жүргізілгендігі туралы түсіндіруді талап етті. 

Министрлер кабинетінің басшысы заңдағы жаңа өзгерістерге "дұрыс және қажетті" деп баға берді. Бірақ ІІМ, ақпарат министрлігі және "Үкімет халық үшін" корпорациясы да ол өзгерістердің халық арасында еніп кетуін қамтамасыз ете алған жоқ. Тіпті талқылау кезінде ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовтың заңға президенттің қашан қол қойғанын білмейтін болып шықты, бірақ алдағы бір айда азаматтарға ешкім айыппұл салмайды деп сендірді.

"Азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша уақытша тіркеу. Қазір ХҚКО-да қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Халық наразы, ақпарат жеткіліксіз, сұрақ көп. Мемлекеттік органдар түсіндіруге тырысады, бірақ оны көпшілік қабылдап жатқан жоқ", - деді Сағынтаев күннің ең даулы мәселесі туралы.

Ішкі істер министрлігі қандай жауап берді?

Басты жауап беруші ішкі істер министрі Қасымов болды. Оның атап өтуінше, "7 қаңтарда күшіне енген экстремизм және терроризммен күрес туралы заңда елдің ішкі миграциясына бақылауды күшейту туралы шаралар енгізілген". Әрі ол осыған дейінгі заңнама бойынша қазақстандықтардың тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуге міндетті екендіктерін еске салып өтті. Тіркеуге тұрмағаны үшін салынатын айыппұлдар мен тіркелу мерзімін де тағы бір рет еске салды.

"Азаматтарды тіркеу институтының негізгі мақсаты - әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды шешу үшін ішкі миграция процесстеріне мониторинг жүргізу. Оған медициналық қызмет көрсету, білім беру, жұмыс орнын құру, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту және т.б. жатады. Бұл мәліметтерді әлеуметтік төлем төлеу үшін денсаулық сақтау министрлігі, салықты есепке алу үшін қаржы министрлігі, статистика органдарын есепке алу үшін ұлттық экономика министрлігі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын бөлу кезінде білім министрлігі пайдаланады", - деді ол. Бірақ терроризммен күрес туралы бірде-бір сөз айтылған жоқ.

Ал ХҚКО-дағы ұзын-сонар кезекті "уақытша тіркеудің БАҚ-та және әлеуметтік желіде белсенді талқылануымен" түсіндірді. "Нәтижесінде өз статусын реттегісі келетін азаматтардың саны арта түсті", - деп атап өтті ІІМ басшысы.

Оның хабарлауынша, 7-9 қаңтар аралығында 40 мың азамат тіркеліп, 19 мыңы уақытша тіркеуге келген. Ал өзгелері өз үйлеріндегі тіркеуге тұрған.

"Азаматтардың қолайлығы үшін тіркеуді елдімекендегі кез-келген ХҚКО-дан жүргізуге болады. Қазір "Үкімет азаматтар үшін" корпорациясы арқылы уақытша тіркеуді жылдамдату мәселесін талқылап жатыр. Дегенмен бір ай ішінде құқық бұзушыға қатысты ешқандай шара қабылдамаймыз, тек ескерту береміз", - деді Қасымов.

- Бізде заң қашан қабылданды?, - деп сұрады министрден Сағынтаев.

- Желтоқсанда, - деді ойлана Қасымов.

- Желтоқсанның қай күні?

- 28 желтоқсанда

- 22 желтоқсанда, - деп нақтылады Сағынтаев. Бірінші түсініктемені біз қай кезде бердік? ХҚКО-да дүрбелең басталғаннан кейін ғана айтылды.

Министр келіскенімен де премьер-министрдің наразылығы басылған жоқ.

- Біз бұл норманың қаншама адамға қатысты болатындығын түсіндік, түсініктеме жұмыстарын 22-нен бастауға болатын еді. Қазір айтылғандай, 40 мың адам келген. Олардың 19 мыңы - уақытша тіркеуден өтуге, ал өзгелері жай ғана тіркелген. Бірақ олар дәл сол екі күні келмесе де болар еді. Тұрғылықты мекен-жайын заңдастыру үшін олардың бір жыл уақыты болатындай жасап, қазіргідей дүрбелеңнің алдын алуға болар еді. Адамдар не істерін білмей бірден ХҚКО-ға келді. Біз "Үкімет азаматтар үшін" корпорациясын құрдық. Ереншінов (Данияр - "Үкімет азаматтар үшін" корпорациясының басқарма төрағасы - ред.) осында ма? Баяндаңыз, корпорация немен айналысып жатыр? Адамдарға онлайн-режимде тіркемейміз дейсіздер. Жағдай жасамасаңыздар сіздерді не үшін құрдық?, - деді премьер.

"Халыққа арналған үкімет" корпорациясының жауабы қандай?

Ереншіновтің де жауабы табылды. Оның сөзінше, ХҚКО "мұндай жағдайға дайын болып", инспекторлар саны 713 адамға толықтырылған, қазіргі жалпы саны - 8205. Орталықтардағы жұмыс 12 сағаттық режимге көшіп, демалыс күндері де қызметте болғанын да айтты. Тіпті " ІІМ қолдаса, корпорация жұмыс күштерін ұлғайтуға дайын".

- Біз жұмысты жылдамдатуға көмектесетін кішігірім техникалық проблемаларды шештік. Сондай-ақ барлық ХҚКО-ға стандартты сұрақ-жауаптары жазылған арнайы брошюра таратылды. Тек қысқа мерзімді ғана емес, ұзақ мерзімді шаралар ойластырдық. Қазір ақпарат министрлігімен талқылап жатырмыз, - деді ол.

- Бұл жұмыс соңына дейін атқарылуы керек. Сіздің қағаздарыңыз адамдарға қажет емес. Оларды бұрын дайындап, барынша тарату керек еді. Неге онлайн-режимде тіркелуге болмайды?, - деді тағы да премьер.

- Қазір тек тұрақты мекен-жай тіркеуін ғана онлайн жасауға болады. Бұл қызмет бір ай ішінде жүзеге асырылады. Сондықтан заңға байланысты ол..., - деп түсіндіруге тырысып жатқан еді корпорацияның басқарма төрағасы.

- Бір ай ішінде дүрбелең де болмайды. Керек адамдар қазір барды, ал кейін әдеттегі режимде өтеді. Заң қаралып жатқанда, біз барлығын есепке алу керектігін түсіндік. Өткен жылы электронды қызметті енгізу керек еді. 22 желтоқсанда заң қабылданғаннан кейін, барлығына электронды түрде де, ХҚКО-дан да тіркелуге болады деп айту керек еді. Қосымша жұмыс күштері құрылған, барлық жерде терезелер жұмыс істейді. Біз тек жағдайға байланысты жүгіріп жүрміз ғой? Даурен Асқарбекұлы?, - деді Сағынтаев соңғы сөзін ақпарат министріне арнап.

Ақпарат министрлігі не деді?

Ведомство басшысы әдеттегідей барлық қысқа жауап берді. Оның сөзінше, министрлік қазір ішкі логистика және кезекті қысқарту бойынша жұмыс істеп жатыр.

"Біз мәліметтер базасын интеграциялағаннан кейін ХҚКО-да тұратын көпшіліктің санын азайтамыз деп ойлаймын. Жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол. Әрі уақытша тіркеуді онлайн жүргізу бір айдан аз уақыт ішінде дайын болатындығына уәде берді.

"Адамдар бұған кімнің жауап беретініне бас қатырмайды. Корпорация ма, ІІМ ме, ақпарат министрлігі ме - бұған ешкім алаңдамайды. Көпшіліктің сөзінше, мемлекет қажетті заң қабылдады, біз сол елдің тұрғыны ретінде тіркелуге келдік. Бар болғаны сол. ІІМ министрі баяндағандай, уақытша тіркеу дұрыс, қажетті шешім. Бірақ бар проблема - бұл жұмысты қалай орындағанымызда. Біз бұрынғы жағдайды тағы қайталап отырмыз. Заң қабылдаймыз, бірақ соны орындайтын адамдарға қатысты еш түсініктеме бермейміз. Түсіндіру жұмыстары жоқ. Үнемі осы бойынша ақсап отырамыз. Болашақта барлығын ескеру керек. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Барлық жұмысты азаматтар үшін барынша қолайлы ету керек", - деп қорытындылады премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Похожие материалы