Уақыт өткізіп аламын ба деп қорқамын: Алаңдаған ана ұлының емі үшін көпшіліктен көмек сұрады
Алматы облысының тұрғыны Айгүл Әбдіманова мүгедектігі бар 8 жастағы ұлын Грузияда емдету үшін қаражат жинай алмай жатқанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жансұлтанның диагнозы: аутистикалық белгілері бар ойлау және сөйлеу қаблетінің тежелуі. Бұған дейін отбасының жиған қаражаты мен туыстарының көмегімен Самара мен Тель-Авивте ем қабылдаған. Алайда соңғы кезде денсаулығы қайта төмендеп кеткен. Ұлының денсаулығын ойлап жанұшырған ана Грузиядағы Mapдалеишвили атындағы медициналық орталықта тексеріліп, сәуір айында ми сүйегінің клеткаларын трансплатация жасау туралы ұсыныс алған. Алайда жалпы көлемі 16000 АҚШ долларын жинап үлгермегендіктен ота мамыр айына ауыстырылған. Мамыр айына дейін де бұл қаражатты жинап үлгермейміз бе деп қорқамын дейді, алаңдаған ана. Қазіргі кезде әлеуметтік желі, таныс-туыстардың көмегімен 4 млн 600 мың теңге жиналған. Әлі 3 млн-ға жуық қаражат қажет.
«Бұлай көмек сұраймын деп ешқашан ойламаған едім, намысымды ысырып қойып балам үшін халықтан көмек сұрап отырмын. Баламның қиналғаны жаныма қатты батады. Жансұлтаным жазылып кетсе екен деп армандаймын. Алла ризалығы үшін көпшіліктен баламның емі үшін көмек сұраймын. Жетпей тұрған қаражатты жинауға көмектессеңіздер деп өтінемін. Мамырға жоспарланған отаға үлгермейміз бе деп қорқамын», дейді Айгүл.
Сұлтанның отасына көмектесемін десеңіздер: Kaspi Gold карта нөмірі 4400430186220791, Айгүл А. Телефон нөмірі: 87075013706
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024