Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Uber дрондар арқылы тамақ жеткізу қызметін қосады

Uber дрондар арқылы тамақ жеткізу қызметін қосады
Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Uber компаниясы АҚШ-та дрондар арқылы тамақ жеткізу қызметін сынақтан өткізеді деп жазады Bloomberg. Дрондар арқылы тамақ жеткізу қызметі алғашқы уақытта Американың Сан-Диего деген қаласында сынақтан өтеді. Компания басшы Дара Хосровшахидің айтуынша, тамақты жеткізу уақыты 10-15 минуттан аспайды. Жаңа қызметті тесттен өткізу шарасы АҚШ-тағы ұшатын дрондарды күнделікті өмірде пайдалану бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Былтыр бұл бағдарламаны дамытуды президент Дональд Трамп қолдаған еді. Uber-ден бөлек, бағдарламаға Alphabet, FedEx, Intel және Qualcomm да қатысып жатыр.

Похожие материалы