Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Uber Қазақстанға келуі мүмкін

Uber Қазақстанға келуі мүмкін

Uber компаниясы қазақстандық ІТ-қоғамдастықпен байланысты жолға қойып жатыр. Алматыға компания өкілдері келіп, Almaty Tech Garden арқылы қазақстандық ІТ-өндіріс нарығымен қарым-қатынас жасамақ деп жазады Kapital.kz.

"Uber өкілдері Қазақстанда бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде кейбір министрлік өкілдері және Almaty Tech Garden басшылығы бар" делінген ресми жіберілген сауалхатқа келген жауапта. Компанияның атап өтуінше, олар алдағы уақытта да серіктес болуға қызығушылық танытып отыр. "Кездесу кезінде компания басшылығы Кластерлік қормен және қазақстандық ІТ-қоғамдастықпен әріптес болуға қызықты", -деп хабарлады Uber компаниясынан. Uber сервисі компания құрастырған қосымша арқылы такси шақыруға мүмкіндік береді. Дегенмен қосымша бірнеше елдердің үкіметі мен таксистер тарапынан наразылық туғызуда. Бірнеше мемлекетте компанияға айыппұл салып немесе оның қызметіне тыйым салған. Бұған қызмет үшін алынатын арзан баға және төмен тарифтер себеп болып отыр.

Похожие материалы