Алдағы екі жыл ішінде Қазақстандағы әуе билеттерді онлайн-сату екі есе өсе түседі. Бұл туралы Aviata директоры Алексей Ли мәлімдеді деп хабарлайды LS.
"2014 жылы агенттік сатылымдар 700 млн долларға дейін жетті. Олардың ішінде онлайн-сатылымдар 35 млн долларды құрайды. Енді алдағы екі жыл ішінде онлайн-сатылым көлемі 100 млн долларға дейін жетуі мүмкін", - дейді ол.
Сараптамалық Aviata.kz орталығының бағалауынша, келесі жылы әуебилеттерді онлайн-сату сегменті 2-3 есе көбейеді. Бұл нарықтағы үлестің 56%-ы ұлттық Air Astana әуетасымалдаушысының үлесінде. 11%-ды Scat компаниясы, 8%-ды қазақстандық Bek Air әуетасымалдаушысы иеленеді. Ресейлік Трансаэро және Аэрофлот компанияларының үлесі - 5% және 4%. Шетелдік Turkish Airlines, Lufthansa, МАУ, KLM, Asiana, Pegasus тәрізді тасымалдаушылардың үлесі 16%-ды құрайды.
Өз кезегінде Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция Ассоциациясының президенті Константин Горожанкин Қазақстандағы әуекомпаниялар нарықтық қатынасқа енді ғана беттеп келе жатқандықтан әуебилеттер нарығын бақылау өте қиын екендігін атап өтті. "Соңғы екі жылда онлайн-брондау әдісінде жаңа импульс пайда болды. Алдағы екі жылда онлайн әуе және теміржол билеттерін сатып алуға тур мен транпортты брондау да қосылады. Осы жылдың өзінде нарыққа шетелдік 3 ірі ойыншы кіруі қажет",- деді К.Горожанкин.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024