Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жылға дейін Қазақстан аэропорттары тым қатты қадағаланды. Жыл басында Қазақстанның кейбір әуежайларында қызметтер құны орташа 66 пайызға өсті. Себебі әуежайлардың көбісі жолаушылар мен рейстердің саны аз болғандықтан шығынға батты. Бұл туралы «Airport Management Group» (AMG) компаниясынан хабарлады.
«Airport Management Group» (AMG) ЖШС ҚР - мемлекеттік аэропорттар желісін басқарушы компания (Астана, Петропавл, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Қостанай, Атырау, Ақтобе, Павлодар).
Әуетасымалданушылар аэропорт тарифтерінің көтерілуіне қарсы үндеу дайындап жатыр. Қазіргі заңға сәйкес аэропорт қызметтерінің тарифы барлық шығынды толығымен жабуы тиіс және белгілі бір деңгейде пайда әкелуі керек.
«Мысалы, Астана әуежайының тарифтері 2003 жылы бекітілген. Содан бері қарай 10 жыл өтсе де, еш өзгермеген. Сәйкесінше, тарифтік сметаның шығынды бөлігі, өндірістік шығындар нормасы, амортизациялық аударымдар және еңбекақы қоры 2003 жылдан бері реттелмеген. 2016 жылы қазіргі заңға сәйкес төрт әуежайға 2017-2021 жылдарға дейін шекті тарифтер бекітілді»,-деп жауап берді Airport Management Group.
2017 жылдан бастап, қызмет құнын реттеудің жаңа ережелері шықты. Тізімге әуежайдың ішкі рейстегі қызметтері кіреді. Мысалы, жолаушыларды отырғызу мен түсіру, әуежай орындарын жалға беру, жүктерді өңдеу, ұшақтарды авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету.