Украина премьер-министрі Арсений Яценюк мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызды жартылай өшіру және қайта құрылымдау процесінің басталғандығы туралы құжатқа қол қойды деп хабарлайды РБК. Құжат мәтіні Украина министрлер кабинетінің сайтында жазылған.
Арнаулы құжатқа байланысты Украинаның қаржы және инфрақұрылым министрлігіне қарыздық міндеттемелерді тоқтату, ал қазынаға бюджеттік қаржы бойынша операцияларды тоқтату міндеттелді. Төлемдерді тоқтату туралы бұйрық күші 2005-2013 жылдары шығарылған және 2015-2023 жылдары өтеулі тиісті мемлекеттік облигациялардың 7 шығарылымына, сондай-ақ "Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру" мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік кепілдікпен 2010-2011 жылдары шығарылып, 2017-2018 жылдары төленуі тиісті еурооблигацияларына таратылады. 2013 жылы Ресейден сатып алынып, 2015 жылдың соңына дейін төленіп бітуі тиісті украиналық еурооблигациялар қарыз төлеуді тоқтату туралы тізімде көрсетілмеген. Еске салайық, 27 тамызда Украина билігі халықаралық несиеберушілер комитетімен жалпы көлемі 19,3 млрд доллар болатын сыртқы қарызды қайта құрылымдау туралы келісімге келгендігін мәлімдеді. Аталған мәміле қарыздың 20 пайызын өшіру және қарыз бөлігі өшірілуге келмейтін төлемдерді 2015-2023 жылдардан 2019-2027 жылдарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Алайда қыркүйектің басында облигация иелерінің жартысы мұндай келісімнің шарттарына көнбейтіндігін мәлімдеді. Келісім күшіне ену үшін оны несие берушілердің жиналысына қатысушыларының 75 пайыздан астамы қолдау білдіруі қажет. Алайда құнды қағаздар бойынша төлемнің кешігуіне наразылық білдіріп жатқандар келісімді заңдастыру процесін бұғаулап тастауы мүмкін екендіктерін ескертті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024