Украина еурооблигация бойынша кезекті төлемін орындады. 2012 жылғы қағаздар бойынша купонды төлем 120 млн долларды құрады. Бұл туралы Украинаның қаржы министрінің орынбасары Артем Шевалевке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Егер Киев купон төлемін орындамаса, техникалық дефолт дегенді білдіретін еді.
Шілденің ортасында украиналық қаржы министрінің басшысы Наталья Яресько дефолттың ұлттық валюта курсы үшін оң ықпал ететіндігін атап өтті. "Егер арифметикалық жағынан айтсақ, төлемге пайдаланылатын валюта елден шығып кетеді. Төлем тоқтаса, ол елде қалады. Арифметикалық жағынан бұл гривна үшін жақсы", - деп мәлімдеді Н. Яресько 15 шілдеде Вашингтонда несие берушілермен өткен келіссөздерден кейін. McLarty Associates консалтингтік компаниясының басқарушы директоры Ричард Берттің пікірінше, егер Украина жеке несие берушілер алдындағы қарыздарын өшіріп тастаса не төлемесе елге қатысты қаржылық шектеулер енгізіледі. "Ол өзін қаржыландырып отырған капитал нарығынан айырылады", - деп жазды Р.Берт The Washington Times-та жариялаған мақаласында. Украина қарызын қайта құрылымдау туралы несие берушілермен ұзақ уақыт келіссөздер жүргізіп келеді. Олардың қатарында T. Rowe Price, TCW Group, BTG Pactual және Franklin Templeton тәрізді инвестициялық қорлар бар. Оларға 8,9 млрд доллар украиналық қарыз тиесілі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024