Украина экономикасы құлдыраудың шегіне жетті. Бұл туралы Украина Ұлттық банкінің басшысы Валерия Гонтарева мәлімдеді деп хабарлайды УНН агенттігі.
"2015 жылдың екінші тоқсанынан бастап біз экономикалық белсенділік қайта қалпына келеді деген сенімдеміз. Оған таза экспорттың позитивті салымы мен өндіріс қуаттылығын пайдалану әсер етеді. Екінші тоқсаннан бастап тұтынушылық және инвестициялық сұраныс өсе түседі деп болжап отырмыз", - деді ол.
Украина Ұлттық банкінің болжамына сүйенсек, 2015 жылы елдің ЖІӨ 7,5 пайызға төмендейді, ал 2016 жылы 3 пайызға өсуі қажет.
10 сәуір күні Украинаның құны 10 млрд доллар болатын құнды қағаздарды біріктіріп отырған жекеменшік несие берушілер комитеті елдің қарызын сызып тастауға қарсы шықты. Комитеттің мәлімдемесі Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) тарапынан Киевке екінші транштың бөлінуіне қауіп төндіріп тұр.
12 сәуір күні ХВҚ Украинаға 5 млрд доллар көлеміндегі бірінші несиені жіберді. Осы жылдың соңына дейін елге 10 млрд доллар келуі керек.
Bloomberg нұсқасы бойынша Украина әлемдегі "ең нашар" экономикалардың қатарына кіреді. Бұл көрсеткіш инфляция мен жұмыссыздық деңгейі бойынша анықталады. Ақпан айында елдегі минимальді жалақы гривеннің құнсыздануына байланысты 43 долларға (1218 гривен) дейін төмендеп, Украина Бангладеш, Гана және Замбия (46,6 доллар) деген елдерден кейінгі орынға жайғасты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024