Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина мен Қытай $2,4 миллиард сомасына валютаны айырбасқа салады

Украина мен Қытай $2,4 миллиард сомасына валютаны айырбасқа салады

Украинаның ұлттық банкі Қытайдың Халық банкімен гривна/юань валюталық свопын үш жылға ұзарту туралы келісімге келді, своп сомасы - шамамен 2,4 млрд. доллар.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, валюталық своптың ұзартылуы гривнаның валюталық бағамына көрсетілетін қысымды азайтуға себептеседі. Желі көлемі - 54 млрд. гривна және 15 млрд. Қытай юані. "Мәміле аясында алынған қаражат екі ел арасындағы сауда операцияларын және тікелей инвестицияларды қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін", - деп келтіріледі хабарламада УҰБ басшысы Валерия Гонтареваның сөзі. Хабарламада жаңа келісім 2012 жылы қол қойылған сәйкес құжатты ұзартып жатқаны айтылады, ол құжаттың әрекет ету мерзімі 2015 жылдың 23 маусымында аяқталады. Мемлекеттік статистика қызметінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылы Украина Қытайға 2,7 млрд. доллар сомасына тауар экспорттаған, ал импортталған тауар көлемі - 5,4 млрд. доллар.  

Похожие материалы