Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Украина билігі Ресей 600 мың тонна астық ұрлап, оның бір бөлігін шет мемлекеттерге тасымалдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Украина жыл сайын Африка мен Таяу Шығысқа миллиондаған тонна астық жөнелтетін. Ресейдің әскери шабуылынан кейін бұл мәселе халықаралық қауымдастықты алаңдатып қойды. Себебі Украинаның Қара теңіздегі порттары Ресей әскерінің бақылауында. Астық тиелген кемелер қаңтарылып тұр.
Ал Ресей тарапы Украинаны айыптауда. Астық тиелген жүк кемелері жолға шығу үшін Украина порт маңын минадан тазарту керек дейді. Алайда Украина қарулы күштері олай ете алмаймыз, себебі миналарды алсақ, Ресей әскері жерімізге лап қояды дейді.
New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ билігі де Ресей Украина астығын ұрлап Африка елдеріне сатып жібермекші деп мәлімдеді. Мамыр айының ортасында АҚШ мемлекеттік департаменті 14 елге «Ресей Ресейдің жүк кемелері астық тиеп Украинадан шығып жатыр» деген ескерту хабарлама жіберген.
Ал Ресей Федерациясы астықты 2014 жылы басып алған Қырым өңіріне пойызбен тасып жатырмыз деп мәлімдеді. Астықтың негізгі бөлігін Түркияға сатпақшымыз деген. Ресей басылымдарына ресми өкілдер шетке кететін дәнді дақылдар Херсон облысынан, Запорожье аймақтарынан жеткізіліп жатыр деген ақпарат беруде.
Ал Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Ресей тарапы Украина астығын шетке шығаруға кедергі келтіруде» деген жалған сөз дейді. Керісінше, Украина тарапы Одесса сияқты бірнеше порт маңын минадан тазартсын деп отыр.
Ал Түркия бұл оқиғадан өз пайдасын көздеп отыр. Астықты өз аумағынан өткізу арқылы тиімді келісімдерге қол жеткізбекші. Украина «астықты ұрлап сатып жатқандарды ұстауға көмектесіңдер» деп Түркия билігіне хат жолдаған.
Украинаның астық қауымдастығының басшысы Николай Горбачев егер биыл астық экспорты реттелмесе, келер жылы қажет мөлшерде өнім ала алмаймыз деп мәлімдеді. Себебі былтыр құрлық арқылы 44,7 млн тонна астық экспорттаған Украина, мәселе шешілмесе экспорт көлемін екі есеге дейін азаяды дейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024