Украина жеңілдікпен ұсынылған Ресей газын сатып алмайтын болды. Бұл туралы РБК хабарлайды.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюктің сөзінше, Ресейден гөрі Еуропадан газ сатып алу тиімдірек. «1 қаңтардан бастап Ресей газ бағасын 212 доллар деп белгіледі. Біз бұл елден газ сатып алмаймыз, себебі Еуропалық одақта газ бағасы Ресейдің бізге ұсынған бағасынан әлдеқайда арзан. Еуропа елінен мың куб метр газды 200 доллардан сатып алуға болады", - деді Арсений Яценюк. Оның айтуынша, газ сақтау орнында қазіргі таңда 14 млрд куб метр газ сақталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 млрд-қа артық. Айта кетейік, 1 қаңтарда Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Украина үшін мың кубметр болатын көгілдір отын бағсын 230 доллардан 212 долларға төмендеткен болатын. Фото:el-murid.livejournal.comПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024