2015 жылдың 1 сәуірінен бастап Украина ресейлік газды сатып алуды тоқтатпақшы. Бұл жөнінде дүйсенбі күнгі брифингте Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Владимир Демчишин айтқан болатын.
"Қазір ресейлік газ алудың қажеті шамалы. Біз оны енді сатып алмайтын шығармыз деп ойлаймын", - деді министр. Оның айтуынша, Еуропадан да бағасы қымбат ресейлік газды сатып алудың қажеті жоқ. Демчишиннің сөзіне сүйенсек, Еуропадан импортталатын газдың бағасы мың кубометр үшін 270 долларды құрайды. Бұл болса, Украина үшін ресейлік газбен салыстырғанда тиімдірек.
Тұтыну мөлшерінің азаюына ауа-райы да әсер етеді. Десе де, алдағы уақытта сатып алу жалғасуы мүмкін. Бірақ, аз ғана көлемде болады.
Өткен жұмада Ресейдің энергетика министрі Александр Новак келесі айдан бастап Украинаға тасымалданатын газдың құны мың кубометр үшін 348 долларды құрайтын болады. Сонымен бірге, ресейлік билік өкілдері Украинаға 100-доллар көлемінде жеңілдік жасау туралы талқылап жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024