Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — 21 сәуір, жексенбі күні Украинада Президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Экзит-полдың қорытындысына сәйкес Владимир Зеленский алда. Бұл оның келесі Президент болғанын білдіреді.
Экзит-полдың нәтижесінде дауыс берушілердің 73,2%-ы Владимир Зеленскийді таңдаған. Ал Порошенко бар болғаны 25,3% дауыс жинады.
Зеленскийға ең көп дауысты елдің шығыс бөлігі берген - 87,7%. Ал батыс бөлігінде оны таңдағандар аз (57%) болғанымен, Порошенкодан көп (41,3%) дауыс жинады.
Украинаның жаңа басшысын әлемнің көшбасшылары құттықтап үлгерді. Алғашқылардың қатарында Франция басшысы Эммануел Макрон, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, АҚШ президенті Дональд Трамп, Армения лидері Никол Пашинян бар.
Айта кетейік, 1 мамырға дейін ОСК сайлаудың ресми нәтижелерін белгілеуге, ал тағы үш күннен кейін оларды ресми жариялауға міндетті.
Украинаның қазіргі басшысы Перт Порошенко өз лауазымын 30 күн ішінде тапсыратынын мәлімдеді. Президентті ұлықтау рәсімі өтетін күн 2019 жылдың 3 маусымы деп белгіленді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024