Украина. 3 мамыр. 7kun.kz – Украинада Голливуд киноактрисасы Анджелина Джолидің жеп тауыспаған круассаны сатылымға шығарылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Эвген есімді Украина тұрғыны круассанды сатылымға шығарды. Оның айтуынша, 30 Сәуірде Львов кафелерінің бірінде Анджелина Джоли круассанды жеп тауыспаған. Жарнаманың скриншоты желіде жарияланды.
Фотосуреттің жазбасына сәйкес, Эвген Голливуд жұлдызы келген мекемеде тазалаушы болып жұмыс істейді. Толық жемеген нан-тоқаш үшін ол миллион гривен (шамамен 15 миллион теңге) сұрайды.
Кафе қызметкерлері Анджелина Джоли корольдік круассан, лосось және моцарелла қосылған круассан, сондай-ақ капучиноны таңдағанын айтты.
Айта кетейік, жақында Голливуд актрисасы Анджелина Джоли Украинаға гуманитарлық миссиямен келген болатын.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024