
Әлем. 7 маусым. 7kun.kz - Украиналықтар мамыр айында 1016 электркөлік сатып алды. Елде былтырғымен салыстырғанда электрокөліктерге сұраныс 63%-ға артқан, деп хабарлады «Укравтопром».
Электрокөліктердің ішінде ең сұранысқа ие болғаны: Nissan Leaf – 567, Tesla Model 3 –263, Volkswagen e-Golf – 156, Volkswagen ID.4 – 138, Dong Feng M-NV - 132 көлік сатылған.
Жыл басынан бергі 5 айда елде 3090 электрокөлік сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5% көбірек.