Украинада жұмыссыздар саны артуда. Елде 1,5 миллионнан астам адам жұмыссыз жүр. Бұл – ресми статистика, деп хабарлайды 24.kz.
Сарапшылардың сөзінше, жұмыс іздегендердің саны бұдан да көп. Бүгінде еңбек жасындағы жастардың шамамен 30%-ы жұмыссыз жүр. Ал жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы қарызы 2 млрд гривнаға жуықтаған.
Еңбек нарығындағы мұндай жағдай украиналықтарды елден көшуге мәжбүрлеуде. Элеуметтік саясат сұрақтары бойынша сарапшы Андрей Павловскийдің айтуынша, табыс көзін іздеген 1 млн 700 мың азамат шетел асқан.
"Аймақтарда еңбек нарығындағы жағдай нашар . Сондықтан батыс өңірлердегі жастар жұмыс іздеп шетелге барып жатыр. Көпшілігі Польша немесе Еуроодақ мемлекеттеріне кетуде. Салдарынан елімізде білікті мамандар жетіспейді. Мәселен, қазіргі таңда дәрігерлер тапшы", - дейді ол.
Фото: newskaz.ru