Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz – Бірнеше мемлекеттің өкілдерінен құралған арнайы топ Гаагада бас қосты. Олар Украинадағы әскери қылмыстарды тексерумен айналыспақшы, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресей әскері Украина жеріне басып кіргелі әлем халқы жаншошырлық түрлі ақпараттың куәсі болды. Сол себепті Ресей әскерінің жауыздық әрекеті жазасыз қалмау керек деген бастамалар көтерілген.
Сейсенбіде Еуроодақтың сот саласындағы ынтымақтастық жөніндегі агенттігі, бірлескен тергеу тобының мүшелері мен халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан бірлескен жиын өткізді. Бұл уақытта Ресей әскерлері Украин қалаларына оқ жаудыруды жалғастырып жатқан.
Ресейдің Украинаға басып кіруі заңсыз әрекет деп кеңінен айыпталуда. Ресей әскери күштері Киев маңындағы Буча елдімекенінде бейбіт тұрғындарды қырып салып, инфрақұрылымға, соның ішінде жүздеген бейбіт тұрғындардың баспанасын бүлдірген. Мариупольдегі ауруханалар мен театрға бірнеше рет шабуыл жасады деп айыпталуда.
Ал Ресей тарапы өз әскерилерінің қатыгездігін үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Гаагада жиналған Украина, Литва және Польша өкілдерінің бірлескен тергеу тобы наурыз айының соңында, Украинада тергеуді бастағаннан кейін құрылды.
Кездесуге қатысушылардың арасында Украинаның Бас прокуроры Ирина Венедиктова бар. Оның мекемесі соғысқа қатысты 8000-нан астам қылмыстық іс қозғап, 500-ден астам күдіктіні анықтаған. Олардың арасында Ресей министрлері, әскери жетекшілер мен үгіт-насихат жасаушылар бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024