Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды: 7 жүк көлігі Польша шекарасында тұр
Украинада бұдан бөлек тағы 26 жүк көлігі қалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинада қалып қойған жүк көліктеріне қатысты хабар берді.
"2022 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды.Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында тұр. 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін тиісті министрлік халықаралық жүк тасымалында туындаған мәселелер бойынша жедел кеңес өткізіп, Украинада қалып қойған қазақстандық жүк көліктерінің тізімін дайындаған болатын.
Еске салсақ, министрлік көліктер мен жүргізушілерді қосымша құжаттарсыз өткізу жөнінде Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына жүгініп, "Жасыл дәліз" ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізген еді.
Сонымен қатар, арнайы кеңес кезінде жүк тасымалдаушыларды Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдавия шекараларына жіберу ұсынылды. Онда өткізу пункттері ашылып, көліктер жеңілдетілген тәртіппен өте алады.
Одан бөлек, жүк тасымалдау саласындағы мәселелер бойынша жедел штаб құрылды. Оған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жетекшілк етеді. Жедел штабтың мақсаты бизнес-субъектілерге және халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау көрсету.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024