Украина әскерінде хакерлердің арнайы "батальондары" бар. Күн сайын үш мыңға жуық IT мамандар ресейлік сайттарға кибершабуыл жасайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Euronews-тің хабарлауынша, барлық іс-шаралар Киевтегі Укрина қарулы күштерінің Бас штабымен үйлестіріледі. Мақсат – жалғыз: орыс халқын ашуландыру және оларды Владимир Путинге қарсы қою. Украиналық ІТ маман Богдан Ивашко арнайы бағдарлама құрып, соның көмегімен басқа да "кибер сарбаздар" жасағын дайындаған. Олар Telegram арнасы арқылы ресейлік компьютерлерге шабуыл жасайды.
"Біз коммуникацияларды бұзуға, үгіт-насихат машинасына зиян келтіруге тырыстық. Ресей Үкіметі мен басқа да ресейлік құрылымдардың әртүрлі жүйелеріне енуге әрекет жасадық. Біз сол жерден деректерді алып, жүйені бұғаттауға тырысамыз", — деді Богдан Ивашко.
Ол өзінің бет-бейнесін ашық көрсеткен аз ғана хакерлердің бірі. Қалғандары жасырын әрекет етеді.
«Кибер сарбаздар» қазірдің өзінде Ресейдің ең ірі қаржы ұйымы Сбербанкке шабуыл жасады, федералды БАҚ пен сауда интернет-сайттарының беттерін бұғаттап үлгерді.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024