Украина. 5 шілде. 7kun.kz - Украинаның Қорғаныс министрлігі Донбассадағы соғыс салдарынан келген шығын көлемін атады. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Иван Руснактың айтуынша, үш жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыс шығыны 50 млрд долларды құрады.
Елдің шығысында энергетикалық, көліктік, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдар қиратылған. Жұмыссыздардың қатары көбейген.
Соғыс аймағында 2,7 мыңнан астап украиндық жауынгер қаза тауып, 10 мыңнан астап адам жараланған. 2014 жылдың тамызында сол кездегі Украина үкіметінің төрағасы Арсений Яценюк Донбассадағы шығынды қайта қалпына келтіру үшін 8 млрд доллар керек деген болатын.Украинаның президенті Петр Порошенко 2015 жылдың қыркүйегінде соғыс шығынын күнделікті 5 млн долларға бағалады. Сол уақыттағы ел ішінде қоныс аударғандар саны 1,5 млн болды.
2017 жылдың наурызында БҰҰ Мониторингтік миссиясы Украинаның шығысындағы соғыс аймағында қаза тапқандарды бағалау есебін жариялаған болатын. БҰҰ мәліметінше, соғыс басынан бастап Донбассада 994 мың адам қаза тапса, 23,5 мың адам жарақаттанған.
Миссияның төрағасы Фиона Фрейзердің айтуынша, қаза тапқан азаматтардың саны 2 мыңнан асты, ал жарақат алғандардың саны 7-9 мыңның шамасында, қалған қаза тапқандар мен жараланғандар - украиндық қарулы күштер мен сепаратистер.