Украинаның экономикасы қиын жағдайда: 2022 жылы мемлекеттік қарыз ІЖӨ-нің 86,2% жетуі мүмкін
Киев. 20 сәуір. 7kun.kz - 2022 жылы Ресеймен әскери қақтығысқа байланысты Украинаның жалпы мемлекеттік қарызы өткен жылғы ЖІӨ-нің 86,2%-ға дейін артады және бұл деңгей 5 жыл бойы сақталады деп болжайды Халықаралық валюта қоры (ХВҚ).
Сәрсенбіде жарияланған ХВҚ-ның «Фискалдық мониторинг» есебіне сәйкес, мемлекеттік бюджет тапшылығының күрт өсуі мен экономиканың құлдырауына байланысты мемлекеттік қарыз келесі жылдары бұрынғыдай жоғары деңгейде қалады.
Атап айтқанда, ХВҚ 2023 жылдың соңына қарай Украинаның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 78%-ын, 2024 жылы – ЖІӨ-нің 78,7%-ын, 2025 жылы – ЖІӨ-нің 82,9%-ын, 2026 жылы – ЖІӨ-нің 88,7%-ын және 2027 жылы мемлекеттік қарыздың 92,3% құрайды, дейді ХВҚ.
Қор биылғы жылы Украинада жалпы ішкі өнімнің 35%-ға төмендеуін болжап отыр және белгісіздікке байланысты оның келесі жылдардағы динамикасын бағалаудан әзірге бас тартты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024