Украинаның Премьер-министрі Алексей Гончарук отставкаға кету үшін өтініш берген. Ол бұл туралы фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Мен бұл қызметке президент бағдарламасын орындауға келдім. Ол мен үшін ашықтық пен адалдықтың үлгісі. Алайда біздің президентке құрметіміз бен сенімімізге селкеу түсірмес үшін мен арыз жаздым", деп жазды ол Facebook -те.
"Зеленский арызды алған, жақын арада шешім қабылдайды", дейді президент кеңсесінің Telegram каналында.
Айта кетейік, Украина тарихындағы ең жас премьер-министр Алексей Гончарук өткен жылдың тамыз айында тағайындалған еді.
Жақында YouTube-де премьер-министр бастаған елдің қаржы, экономика саласына жауапты тұлғалардың
Зеленскийге экономикадағы кейбір мәселелерді қалай түсіндіру керегін ақылдасып отырғаны туралы аудиожазба жарияланды.
Мұндағы дауыстардың бірі Алексей Гончаруктың даусына ұқсас.
Жазба жарияланғанан кейін парламенттегі "Слуги народа" фракциясының депутаттары үкіметті отставкаға жіберу мәселесін көтерген еді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024