Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинаның видео аутсорсинг нарығы қалай дамуда?

Украинаның видео аутсорсинг нарығы қалай дамуда?

Әлемнің ең ірі компаниялары мен танымал әншілер соңғы кезде жарнамалық роликтері мен клиптерін Украинада түсіре бастады. Мысалы: Haineken, Reebok соңғы 10 жылда жарнамалық өнімдерін украинада түсіріп келсе, биыл бұларға Apple компаниясы қосылды. Осы айдың ортасында Apple-дің жаңа өнімдерін таныстыру рәсімінде көрсетілген iWatch  жарнамасында Киевтің «Алтын қақпа» вокзалы жыл етті. Кейін белгілі болғандай бұл жарнаманы украиналық Radioaktive Film компаниясы түсірген.

Украиналық бейнестудиялардың клиенттері бұлармен таусылмайды. Lacoste, Google, Xbox, General Electric жарнамасы, Coldplay, Paolo Nutini, MØ, Foals, Hurts-тің бейнебаяндары Украиналық видеомамандарының қолынан шыққан. Мамандардың айтуынша Украинада соңғы жылдары видео, телеөндіріс, жалпы медиа, коммуникация, маркетинг саласы қарқынды дамып кетті. Посткеңестік елдердің ішінде оларға тіпті Ресей де ілесе алмайды. Посткеңестік ел түгілі Еуропаның өзі бәсекелес бола алмай отыр. Дәлел - жоғарыдағы брендтердің түсірілімі.

Неге Украина? 

Ең бірінші баға. Видеоөнім бағасы Еуропада аспандап тұр. Украинада баға 4-5 есе төмен. 2015 жылғы оқиғалардан кейін баға тіпті төмендеп кетті. Дағдарыс салдарынан елдегі мамандар тапсырыс берушінің кез-келген ұсынысын орындауға дайындалды.

Екінші, орналасқан жері. Украина Қазақстан, Өзбекстанмен салыстырғанда Еуропаға жақын. Бұл да украиналық мамандар үшін үлкен плюс. Осы жақындық салдарынан 90 жылдары жаңа түсірілім алаңдарын іздеген әлемдік брендтер мен студиялар Украинаға келе бастады. Бұл елдегі видеоиндустрияның дамуына, бейне, жарық, макияж, костюмдер мен  арнайы мамандардың қалыптасып, өсуіне серпін берді. Елде барлық талапқа сай бүтін бір нарық қалыптасты. Кейін іріленіп, маман, техникасын сайлап алған GloriaFX, 2332, LimeLite  сынды видеопродакшндар Еуропадан кеңсе ашып, қанатын кеңге жая бастады.

Үшінші, мамандардың көптігі мен еңбексүйгіштігі. Егер түсірілім жасағыңыз келіп, украинаға барсаңыз бір күнде қажетті маманның бәрін жинап алуға болады. Фрилансер мамандардан аяқ алып жүргісіз. Бағасы төмен, сапасы барын "шекесінен шертіп" жүріп таңдауға болады. Мүмкін еңбексүйгіш жасаған дағдарыс шығар. 90 жылдары посткеңестік елдермен қатар украиналықтар да ауыртпалықты сезінді. Соңғы жылдардағы соғыс та экономикасын тіктеуге мүмкіндік бермей тұр. Нәтижесінде медиа, коммуникация, маркетинг нарығындағы мамандар бәсекеге барынша қабілетті болуға тырысады. Күні-түні тер төгуге дайын. Қатып қалған заңы көп Еуропа, АҚШ-та бұл қолайсыз. Мәселен, 6-дан кейін жұмыс уақыты, демалыста демалу керек. Ал, сізге екі аптаның жұмысын бір аптада түсіріп біту керек. Тағы бір себеп - Украинада түсірілім алаңдары мен локация да  көп және ол орын басшыларымен келісімге келу де қиындық тудырмайды. Мұнда табиғат та, ортағасырлық қамалдар да, урбанистік кеңістікті де табуға болады. Батыс пен АҚШ-та аттап басқаныңыз рұқсат, қаржыны талап теді. Еуропаның әуежайларындағы түсірілімге рұқсат алу үшін бірнеше ай керек. Украинада бұл жағы сәл қолайлы. Рұқсат алуға болады, бағасы арзандау. Айтпақшы, iWatch жарнамасын киевтік вокзалда түсіруге себептің бірі осы.

Төртінші себеп, АҚШ пен батыстық видеопродакшндар Украинада кеңселерін ашып тастаған немесе жергілікті студиялардың қожайындарының қатарында. Олар соңғы техникаларды жеткізумен қатар, батыстық нарықта украинадағы бизнесін жарнамалау мен клиент табумен айналысады.

Айтпақшы биыл Украинадағы видеотүсірілім нарығының жылдық табысы 50 миллион долларға дейін жетіпті. Асуы да мүмкін. Айта кетейік, бұл бағаға мемлекеттік тапсырыстың қатысы жоқ. Тек жеке бизнес ретіндегі табысы ғана. Посткеңестік елдердің бірде бірі мұндай табысқа жеткен жоқ.

Айтпақшы, қазақстандық ірі компаниялардың көпшілігі жарнамасын украинада түсіріп жүр. Тіпті бір-екі бизнесмен украиналық студияның иесі деседі.

 

Похожие материалы