Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - Соңғы бес жылда Ұлттық компаниялардың шығыны алғаш рет қысқарды, деп хабарлады Finprom сараптама агенттігі.
2017 жылдың 1 тоқсанында ұлттық компаниялардың шығындары 18,1 пайызға немесе 71,1 млрд теңгеге қысқарған. Сонымен бірге, квазимемлекеттік компаниялардың табысы бір жылда 2,5 есеге, яғни 132 млрд теңгеге ұлғайғанын да айта кетейік.
Бұл өткен жылдың алғашы тоқсанымен салыстырғанда 2,7 есеге көп. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 48,7 млрд теңге болған.
Мемлекеттік сектор шығындарын орынды пайдаланып, әрі акционерлердің қаржы құюының арқасында табысы ұлғайды. Бірақ ұллтық компаниялардың сатылымнан түскен пайдасы 16 пайызға төмендеген.
Бірақ компаниялардың табыс құрылымын зерттеп қарағанда табыстың көп бөлігі жұмыс белсенділігінің әсерінен емес, сыртқы көмектің әсерінен өскенін байқауға болады.
Атап айтқанда, 1 тоқсандағы сатылымнан түскен табыс 242,5 млрд теңге болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 16,2 пайызға кем.
Сонымен бірге, қаржыландыру әсерінен түскен пайда да төмендеген, оның ішінде банктегі салымдардың сыйақысыда бар. Бұл тұрғыда ұлттық компаниялардың табысы 2016 жылдағыдан 38,4 пайызға немесе 43,3 млрд теңгеге азайға.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024