Әлемдік қаржы реттеуіштерінің ізімен Қазақстанның Ұлттық банкі алтын қорын ұлғайтуды жалғастыруда. Бұл жөнінде LS хабарлады.
Алтын бойынша Бүкіләлемдік кеңестің (World Official Gold Holdings) есебіне сәйкес, 2016 жылдың мамыр айында Ұлттық банктің алтын қоры 228,3 тоннаны немесе елдің халықаралық резервінің 31,8%-ын құрап отыр. Алтын қоры жөнінен Қазақстан 100 елдің ішінде 22-орында тұр. Бір айта кетерлігі, өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда аталған көрсеткіш 5,3 тоннаға өскен. 2016 жылдың ақпан айында бұл көрсеткіш 221,8 тонна немесе 26,9% болған еді. Өткен жылдың қаңтар айында алтын резерві бар болғаны 25,7% болып, 191,8 тоннаны құраған. 2014 жылы республикамыздағы алтын қоры 184 тоннаға тең болған. Сарапшылардың айтуынша, алтын осы жылдың басты активіне айналады. Ұлттық банк әлемдік экономикалық тұрақсыздығы себебінен алтынның қорын көбейтіп отыр.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





