Экономика
Ұлттық банк теңге депозиттерінің мөлшерлемесін 10%-дан 14%-ға дейін арттырады
Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz - 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жеке тұлғалардың ұлттық валютада жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін 10 %-дан 14%-ға дейін арттырады. Бұл туралы реттеушінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сонымен қатар, шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері 3% -дан 2%-ға төмендейтін болады. Бұл шешімді "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Директорлар кеңесі қабылдады. "Депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді ұлғайту қажеттігі туды. Біз қазір бұл сұрақтарды қарастырып жатырмыз және шешімді алдағы айларда хабарлайтын боламыз",- деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев. Қазіргі уақытта, максималды жеке тұлғалардың ұлттық валютада жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері - 10 %-ды, ал шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері - 3%-ды құрайды. Фото:azattyq.orgПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024