Экономика
Ұлттық банк төрағасы: 2016 жыл ел экономикасы үшін жағымды болады
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2016 жылы Қазақстан эконмикасы жақсы болады деп үміттенеді. Бұл туралы ол КТК арнасындағы "Портрет недели" бағдарламасында айтты.
"2016 жылы жағдай реттеледі деп үміттенемін. Мұнай бағасына қатысты түрлі болжамдар болатыны түсінікті. Бірақ біз болашаққан оптимистік көзқараспен қарауымыз керек. Бәрі нашарлағанмен, біз өмірімізді жақсарту мақсатныда жаңа жоспарлар құруға тырысамыз", - деді Данияр Ақышев.
Ол мұнай бағасына қатысты бірнеше сценарийлер дайындалып жатқанын атап өтті.
"Ұлттық банк экономиканы тұрақтандырып, инфляция деңгейін реттеуді және мұнай бағасына қатысты болжамды үкіметпен белсенді түрде талқылап жатыр. Келесі жылы мұнай нарығындағы перспеективалар бойынша барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Оның үстіне бұл ақша-несие саясатында айырбас курстар мен алтын валюталық резервтер жағдайын ұзақ мерзімді жоспарлауға мүмкіндік береді", - Ұлттық банк төрағасы.