Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 2016 жылғы қаңтардан бастап 1,6 млрд долларға немесе 5,8%-ға өсуін көрсетті. Тек сәуірде сома 1 млрд долларға ұлғайды. Бұл туралы ҚР ҰБ-да телеарналар үшін өткен брифингте ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Оның айтуы бойынша, өсуге Ұлттық Банктің валюталық өктемдіктері, банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттары көлемінің өзгеруі, сондай-ақ алтын-валюта активтері портфельдерін нарықтық қайта бағалау себепші болды. «Сәуірдің соңында, алдын ала деректер бойынша Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 29,5 млрд. АҚШ долларына дейін, Ұлттық қордың активтері – 65,4 млрд. АҚШ долларына дейін, ал елдің халықаралық резервтері жиынтығында 94,9 млрд. АҚШ долларына дейін жетті», - деп хабарлады ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024