Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктың сәуір айында жүргізген интервенция көлемі төмендеді

Ұлттық банктың сәуір айында жүргізген интервенция көлемі төмендеді

Ұлттық Банк интервенциясының көлемі наурыз айымен салыстырғанда сәуірде төмендеп, 830,9 млн доллар құрады.  2016 жылғы 4 ай ішінде ішкі нарықтағы шетел валютасын нетто-сатып алу  2,5 млрд долларға жетті құрады, - деп хабарлады ҚР ҰБ-дағы телеарналарға арналған брифингте ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев.

Ұлттық Банк басшысының атап өтуінше, сәуірде теңгенің нығаюы 4,6%-ды, ал жылдың басынан бастап - 3,6%-ды құраған. Теңгені нығайтудың негізгі факторы ретінде Ақышев мұнайдың әлемдік бағасының жылдың басымен салыстырғанда 30%-ға артуымен түсіндіреді. ҚРҰБ Төрағасының деректері бойынша, 2016 жылғы ақпаннан бастап (соңғы 10 жылда алғаш рет) халықтың АҚШ долларын сату көлемі сатып алу көлемінен асады. Ақпан-наурызда АҚШ долларын нетто-сату  513 млн. АҚШ долларын құрады. 2016 жылғы ақпаннан бастап ұлттық валютамен депозиттердің өсуі байқалады. Наурыздың қорытындысы бойынша депозиттер құрылымында шетел валютасымен депозиттердің үлесі 63,4%-ға дейін, оның ішінде халықтікі – 74,9%, заңды тұлғалардікі – 55,1%-ға дейін төмендеді.

Похожие материалы