Еуропалық комиссияның төрғасы Жан-Клод Юнкер Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуын қабыл алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
"Бізде Б жоспары жоқ, А жоспары бар. Ұлыбритания Еуропалық одақтың белсенді әрі құрылымдық мүшесі болғандықтан құрамда қалады", - Жан-Клод Юнкер.
Ал Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Брюсселде ЕО-ның көшбасшыларымен бірге ымыраластық реформалар пакетін талқылап жатыр.
Еуроодақты реформалау туралы британдық премьердің ұсыныстары басты төрт пунктқа негізделген: экономиканы басқару, бәсекелестік, иммиграция және тәуелсіздік. Дэвид Кэмерон еуроаймаққа кірмейтін мемлекеттірдің экономикалық қызығушылығына қысым болмас үшін ЕО еуроның жалғыз валюта еместігін мойындауды талап етіп отыр.
Сондай-ақ, Британия Брюсселден еуроаймақтағы мемлекеттерге қаржылай көмек көрсету туралы бағдарламаға қатыспау жөніндегі кепілдік алғылары келеді және Дэвид Кэмерон еуропалық экономиканы төтенше реттеудегі ауыртпалықты азайтуға және бірыңғай нарықты шектеуге шақырып отыр.
Айта кетейік, Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы референдум 2016 жылдың жаз айында болады.
Фото:ria.ru
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024