Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу құны 30 млрд фунт стерлингті құрайды - министр

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу құны 30 млрд фунт стерлингті құрайды - министр

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу құны – 30 млрд фунт стерлинг. Мемлекет ЕО-дан шығар болса, сырттан келген тауарға салынатын салық көбейіп, кейбір әлеуметтік жобаларды қаржыландыру тоқтатылады.

Wall Sreet Journal-дың хабарлауынша, Ұлыбританияның қаржы министрі Джордж Осборн Ұлыбританияның ЕО-дан шыққан жағдайдағы экономикалық ахуалы қандай болатынын мәлімдейді.

Министр баяндамасының алдын ала жарияланған үзінділеріне сәйкес, Ұлыбритания алдағы төрт жылда 30 млрд фунт стерлинг (42,8 млрд доллар) табуына тура келеді. Қаражат экономиканың баяу өсуі салдарынан орны толмай жүрген бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады.

Ал Guardian порталының мәліметінше, Осборн бюджет тапшылықтарының орнын салықтарды көтеру арқылы толтыруды көздейді. Базалық табыс салығы – 2% (22%-ға дейін), мұрагерлікке қалдыру салығы – 5%-ға (45%-ға дейін), алкоголь мен бензин акциздері 5%-ға артуы мүмкін.

Сонымен қатар, Джордж Осборн Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шықса, мемлекеттің денсаулық сақтау, қорғаныс, білім беру, полиция және транспортқа кететін шығындары азаятынын айтады.

Айта кетейік, 23 маусым күні Ұлыбританияда Еуропалық Одақтан шығу туралы референдум өтеді. Егер Ұлыбритания одақтан шықса, жыл сайын Еуроодақ бюджетіне төлейтін 8 млрд мемлекеттің өзінде қалады. Еуроодақтан шығуды қолдайтын азаматтар бұл қаржының әлеуметтік қажеттіліктерге кететінін айтады. Сейсенбіде жарияланған сауалнама қорытындысы бойынша, ел азаматтарының 35%-ы одақтан шығуды, 33%-ы Еуроодақта қала беруді қолдайтынын айтқан. Қалған азаматтар өз таңдауын әлі жасай алмаған немесе дауыс беруден бас тартқан.

Похожие материалы