Астана. 17 қаңтар. 7kun.kz - 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына 77 мыңнан астам билет сатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні Универсиада жарыстарының 200 мың билетінің 77 200-і сатылды. Бұл 39 пайызды құрайды. Мәселен, егер өткен аптада орташа есеппен күнінен 600 билет сатылса, осы аптада күніне 1300 билет сатылуда. Бұл корпоративтік сатылымдарды қоспағандағы дерек. Біздің тәжірибемізге сәйкес, билеттер сатылымының шырқау шегі қаңтардың 23-28 аралығына дөп келеді», - деді Байбек.
Сонымен қатар ол Универсиада жарыстары әлемнің көптеген елдеріне тікелей таратылатындығын, көрермен саны 1 миллиардқа жуықтайтынын айтты.
Алматы қаласының әкімі халықаралық спорттық жарыс өтетін күндері Алматыда көптеген мәдени шаралардың да ұйымдастырылатынын ескертті. «Біз 181 спорттық шарадан бөлек 40-тан астам мәдени іс-шара өткізуді жоспарладық», - деді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024