Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz - 29 қаңтарда өтетін Универсиаданың ашылу салтанатының барлық билеті сатылып кетті.
Дегенмен, сайыстарға қатысу билеттері әлі сатылып жатыр. Универсиада дирекциясының айтуынша, басып шығарылған 200 мыңға жуық билеттің әзірге тек 77 мыңы сатылған. Билеттер бағасы – 300 теңгеден басталады, ең жоғары шама – 3500 теңге. Тек ашылу және жабылу салтанатының билеттері ғана біршама қымбат – 15 мың теңге тұрады. Жауапты дирекция билеттер сатылымынан шамамен қанша теңге түсуі мүмкін екенін айта алмады.
Айта кетейік, Универсиада 57 елден 5 мыңға жуық спортшы мен журналист қатысады деп жоспарланып отыр. Сайысты өткізуге шетелден және жергілік аумақтан келетін 3 мыңға жуық ерікті жұмылдырылды. Одан бөлек, 30 мыңға жуық қонақ пен туристің келуі мүмкін деп болжанған. 12 спорт түрінен 85 медаль ойнатылатын болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024