15 қаңтарда Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Универсиада -2017» халықаралық студенттік жарыстар өтетін спорт нысандарын аралап көрді. Бұл ғимараттар болашақта қала тұрғындарының мұрасына айналады әрі Алматының 1000 жылдығын мерекелеу қарсаңында олар есіктерін айқара ашатын болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Девальвация мен теңге бағамының өзгеруіне қарамастан құрылыс қарқынды жүруде және белгіленген мерзімінде аяқталады. «Универсиада» басшылығының мәліметі бойынша барлық спорт нысандары 2016 жылдың 30 тамызында пайдалануға беріледі. Мысалы, үстіміздегі жылдың 22 наурызында Медеу ауданындағы 3000 орынды Мұз аренасының жайма мұз айдыны дайын болады, ал 6 шілдеде негізгі аренаның, әкімшілік ғимараттың құрылысы аяқталып, нысан айналасы абаттандырылады. Бұлардан өзге 12 мың орынды Мұз аренасының әкімшілік ғимаратының, бассейннің және жайма мұз айдынының құрылыс- монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның негізгі блогы 2016 жылдың 9 мамырында беріледі, нысан айналасын абаттандыру 6 шілдеде жүргізіледі. Атлеттер ауылындағы 5 мың орынды 4 тұрғын үй 22 наурызда беріледі, келесі 4 үй 9 мамырда іске қосылса, 6 шілдеде соңғы 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұлардың айналасын когалдандыру мен абаттандыру жұмыстары 1 тамызда жүзеге асады, барлық нысандардың құрылыс- монтаж жұмыстары тамыздың соңында аяқталып, биылғы жылдың 30 тамызында пайдалануға беріледі. Құрылыстың әр кезеңі Алматы әкімі Б. Байбектің жеке бақылауына алынған. Фото:gazeta.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024