Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Уоррен Баффетт бір күнде $4,3 млрд ақшасынан айырылды

Уоррен Баффетт  бір күнде $4,3 млрд ақшасынан айырылды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Уоррена Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясы бір күнде 4,3 млрд доллардан астам ақшасын жоғалтты. Бұл  туралы РБК хабарлады.

Қаржыдан айырылуға компанияның ірі активтерінің бірі Kraft Heinz акциялары АҚШ бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссия (SEC) тарапынан дивидендтерді қысқарту мен тергеуге ілінгендігі, сондай-ақ бірқатар жаман жаңалықтар себеп болған.

Америкалық Kraft Heinz азық-түлік концернінің акциялары жұма күні сауда сессиясы барысында бір акцияға $34,95 деңгейінде жабылып, 27%-дан артық төмендеді.

Шығын 2018 жылдың соңында Kraft Heinz-тің 325 млн астам акция (26,7%) тиесілі болған Berkshire Hathaway үшін көп болды. Компания $4,31 млрд қаржысынан айырылды.

Похожие материалы