Ресей. 28 сәуір. 7kun.kz – «Урал мото» компаниясының Ресей мен ТМД аумағындағы өкілдік директоры Денис Кузнецов Ирбит қаласындағы зауыт ешқайда көшпейтінін, компания тек өндірісті кеңейтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Денис Кузнецовтың айтуынша, Свердлов облысындағы зауытты көшіру туралы сөз болмаған. Компанияның мәлімдемесін көпшілік дұрыс түсінбеген. «Урал мото» тек Қазақстаннан жаңа зауыт ашып, өндірісті кеңейтуді көздейді. Қазақстанда батыс елдеріне сатылатын мотоциклдер құрастырылады.
«Біз тек екінші өндіріс алаңын ашып жатырмыз. Ирбиттегі зауыт өзгеріссіз қалады. Өнімнің 95% экспортқа кететіндіктен осындай шешім қабылдадық. Қазақстанда құрастырылған көліктер Америкаға, Австралияға және Еуропа елдеріне кетеді. Соңғы жағдайларға байланысты біз Ресейден экспортқа мотоциклдерді шығара алмаймыз», – деді компания өкілі.
Еске салайық, бұған дейін аталған өндіріс қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігінен Қазақстанға көшеді деген ақпарат тарады. Ол үшін Петропавл қаласындағы КазТехМаш зауытымен келіссөздер жүргені белгілі болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024