Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — 2019 жылы 12-13 қарашада АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Шымкентте ауқымды халықаралық бизнес-іс-шара - тоғызыншы Орталық Азия сауда форумын өткізеді.
Форумға компания басшылары, мемлекеттік сектор өкілдері мен Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа және АҚШ салалық сарапшылары қатысады деп күтіледі.
Биылғы іс-шараның тақыры - "Жеміс-көкөніс секторындағы инновациялық және инвестициялық тәсілдер". Форумға қатысушылар жаңа технологиялар, инвестициялық мүмкіндіктер, сауда ынтымақтастығы мен жаңа серіктестерді іздеу үшін нетвокингтің перспективалары туралы ақпарат ала алады.
Форумның бірінші күні қатысушылар Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі жеміс-көкөніс секторындағы түрлі инновациялық және инвестициялық тәсілдермен танысады. Еуропа Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) сарапшылары жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру бойынша сессия өткізеді. БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) мамандары аймақтағы органикалық өнімдердің өндірісімен таныстырады.
Сондай-ақ, "CERT Academy" халықаралық тренингтік компаниясы "ISO 9001: 2015, ISO 22000:2018 және ISO 45001:2018 жаңа стандарттарымен басқару жүйесіндегі ойлауды өзгерту"атты халықаралық-практикалық конференция өткізеді.
Форумның екінші күні қатысушылар Оңтүстік Қазақстандағы AgriTech 2019 Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесіне, ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын, жеміс-көкөніс өнімдерін өсірудің жаңа технологияларын көрсетуге арналған салалық сауда алаңына немесе көшпелі іс-шараларға қатыса алады, заманауи логистикалық орталыққа барып, Түркістан қаласының көрікті жерлерімен танысады.
Айта кетейік, форумның ұйымдастырушысы - "Атамекен" ҰКП, аgrobiz.kz ауыл шаруашылығы порталы, "CERT Academy", ЕҚДБ, БҰҰДБ және Орталық Азияда бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID жобасы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024