Президенттің «Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы тиіс», деген сөзі қоғамға майдай жаққан.
Жекеменшіктен мемлекетке өтсе, алым бағасы төмендесе аспандап кеткен көлік бағасы төмендей ме деген ой бар.
Соңғы жылдары көлік бағасының аспандағаны соншалық екінің бірінің қолы жете бермейтін болды. 2021 жылдың басында 14 млн-ға әрең өтетін 2009-2011 жылдар аралығындағы Тайота Ленд Крузердің қазіргі бағасы 20 млн теңге. Онда да жағдайы жақсы, ұрылмаған-сырылмағанын айлап іздеуге тура келеді.
Елдің сүйіктісі Камри 70-ті өткен жылдың басында 14 млн-ға алуға болатын. Жыл соңында 17 млн-ға жетті. Әдетте жыл сайын қаңтар мен ақпанда көлік нарығында аздаған құлдырау басталатын. Биыл төмендеген баға жоқ, қайта күн сайын өсіп келеді.
Осы тақырыпқа зерттеу жүргізген журналист Ришат Асқарбекұлы әлеуметтік желіге «Өткен жылдың қараша айында 2020 жылғы комплектациясы жақсы «Хюндай Туксонды» 12,5 млн-ға бағалайтын осы алыпсатарлар қаңтардың 15-і күні дәл осы көлікті 18,5 млн теңгеге бағалап сатылымға шығарып қойыпты», деп жазды.
Көліктің қымбаттауына басты себеп - әлемдік көлік нарығындағы тапшылық. Зауыттар пандемия, одан кейін чип тапшылығының салдарынан өндірісті азайтқан. Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде көлік салондарында ұзын-сонар кезек пайда болған. Бұл бағаға әсер етіп отыр. Қазақстанда бұған қоса қымбат утилалым мен алғашқы тіркеу бар. Сонымен көлік бағасы ұшып барады. Президенттің жоғарыдағы мәлімдемесінен кейін елде көлік бағасы төмендейді деген үміт пайда болған. Алайда соңғы күндері жекелеген сарапшылар мен тақырыпты зерттеушілер, көлік салондарының иелері утилалым төмендесе де көлік арзандамайды деді. Кейбірі тіпті үзілді-кесілді айтып отыр.
Автокөлік тақырыбында жазатын белгілі журналист Ибраш Нүсіпбаевтың жазуынша бұған бірінші Қазақстандағы автосалондарға ресейліктердің иелік етуі.
«РБК-ның эфирінде Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік автобизнестің өкілі Қазақстанда утилалымның төмендеуі автокөлік бағасын түсірмейтінін айтты, өйткені бағның жылдам өзгеруі нарықтағы тепе-теңдікті жояды, бұған жол бермеуі үшін ресейлік автобизнесмендер бағаны бұрынғы деңгейде қалдырады немесе сәл ғана арзандатып, утилалым бағасын өздеріне қалдырады, бұл ресейлік компаниялардың табысын арттырады», деп жазды. Оның жазуынша Мерседестен (украиналық компания иелік етеді) басқа Қазақстандағы автобизнес ресейліктерге тиеселі.
Алматыдағы автосалондарды аралап, зерттеу жүргізген журналист Ришат Асқарбекұлы да
«2022 жылдың соңына дейін көлік арзандамайды, автосалон қызметкерлері солай деп отыр», дейді.
«Біз төлемдердің азайып келетінін күтеміз, бірақ бірден төмендейді дегенге сену қиын. Ең көп дегенде утилизациялық алым 10-20 пайызға арзандайтын шығар деп ойлаймыз. Мемлекет үшін қазір бірден кесіп тастау тиімсіз. Бұл салыққа түсетін қаржы және автоөндірушілерді қолдауға бағытталған қаражат», дейді журналистке сұхбат берген Орион Дистрибьюшн» ЖШС серіктестігінің Бұқарамен байланыс жөніндегі директоры Алексей Алексеев.
Оның айтуынша көлік арзандайды дегенге сену қиын. Жаңа жылдан бастап жүрілген көліктерге баға тағы да өскен. 2022 жылы да автодилерлер жаңа шыққан автомобилдердің тапшылығын сезінетін болады.
Ал «Утилалымға жол жоқ» тобы болса утилалымның өзгеруіне күдікпен қарай бастаған сияқты.
«Мәселе Оператор РОП-тың жекеменшік болғанында емес. Жемқорлық тәуекелдері РОП-тың ішінде емес, сыртында: өзара тендер бөлісу, шектеулі компанияға субсидия беру. Егер РОП-ты кез-келген құрылымға ауыстырып, бақылауды Минэкологияға және айналасындағы қауымдастықтарға қалдырсақ, ештеме өзгермейді. Біздің ойымызша Экологиямині соған тырысып жатыр», деп жазды олар ресми парақшаларында.
Топ өкілдері РОП-ты «Жасыл дамуға» ауыстыру мәселені шешпейді, біз тек РОП-қа емес, оның айналасында болған «қисық схемаларды» тоқтату мен утилалымның көлеміне қарсымыз, осы мәселелерді шешу керек деп отыр. Олар сондай-ақ Президент Тоқаевтың атына хат жолдап, автокөлікке алымды 100 мың теңге, қалғанын 0 теңге деп белгілеуді ұсынған.
Алайда топ ұсынған «қисық схемалармен» күресу оңайға тсүпейтін сияқты. Бұл тақырыпқа зерттеп жүрген белгілі журналист Вдаим Борейко болса әлеуметтік желіде «утилалымның айналасында болған бұрынғы лоббистер өз орында, қазақстандықтарды тағы да алдады», – деп салды.
Ал Экология министрлігі болса алымның көлемі ақпан айының соңына дейін бекітіледі деп хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024