Ұзақбай Қарабалин KAZENERGY ассциациясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Жарлыққа ассоциация төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.
Айта кетейік, осыған дейін Ұзақбай Қарабалин "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесінің құрамына кірген болатын. Ал 2016 жылдың қаңтары айында зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылған болатын.
Ұзақбай Қарабалин 1947 жылы 14 қазанда Атырау облысында дұниеге келген.
1970 жылы И.М. Губкин атындағы мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.
1973 жыл — «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы (Атырау облысы)
1974 жыл — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Атырау облысы)
1981 жыл — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау облысы)
1988 жыл — «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.)
1990 жыл — В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі (Атырау қ.)
1991 жыл — ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.)
1992 жыл — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы
1994 жыл — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары
1997 жыл — «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті (Алматы қ.)
2000 жыл — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті (Астана қ.)
2001 жыл — ҚР Энергетика және минаралды ресурстар вице-министрі (Алматы қ.)
2003 жыл — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті (Алматы қ.)
2008 жыл — «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директоры
2013жылдан 2014 жылдың тамызына дейін — ҚР Мұнай және газ министрі.
2014 жылдың 13 тамызынан 2016 жылдың 19 қаңтарына дейін - ҚР Энергетиа министрлігінің бірінші вице-министрі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024