Қазақстан Республикасының энергоресурстармен қамсыздануы кемінде 90 жылды қамтиды. Астанада өткен Халықаралық энергетика агенттігі мен INOGATE бағдарламасының іс-шарасында ҚР энергетика министрі осындай мәлімдеме жасады.
"Қазақстанның энергетикалық ресурстармен уақытша қамсыздануы 90 жылды қамтиды. Және бұл тек барланған қорлар. Елімізде энергоресурстар бұдан артық екеніне сенімдімін. Отынның шығарылатын негізгі түрлерінің жиынтықталған көлемі мұнай эквивалентінде шамамен 35 млрд тонна болады. Бұған күн мен желден алынатын энергия кірмейді. Базалық энергоресурстардың осы жылғы өндіріс көлемі уран эквивалентінде 400 млн тонна деңгейіне жетті. Републиканың ішкі тұтыну көлемі - уран эквивалентінде 60 млн тонна", - деп түсіндірді В.Школьник.
Сондай-ақ министр Қазақстанда мұнай өндірісінің шыңы 2020 жылдан кейін болатынын айтқан болатын, сонда "қара алтынның" өндіріс көлемі күніне 2 млн баррельден асып түседі.
Айта кетелік, Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) іс-шарасында ХЭА, ҚР Энергетика министрлігі және Kazenergy қауымдастығының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Қазақстан энергетикасының тұрақы даму мәселелерін ілгері жылжытуға қатысты техникалық ынтымақтастықты нығайтуды қарастырады, атап айтқанда мына мәселелер: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ытымақтастыққа, балама энергия көздерін, тұрақты энергетиканың инновациялық технологияларын және энергияға деген қол жетімділікті дамытуға жәрдемдесу.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024