Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Вашингтондағы Ресей елшілігі алдындағы алаңға Борис Немцовтың аты берілді

Вашингтондағы Ресей елшілігі алдындағы алаңға Борис Немцовтың аты берілді

Вашингтон. 10 қаңтар. 7kun.kz - Вашингтонның қалалық кеңесі бүгін Ресей елшілігі алдындағы алаңға Борис Немцовтың атын беру туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды ria.ru.

2016 жылы Флорида штатынан сайланған сенатор Марк Рубио елшілік тұрған көшені Немцовтың атымен атау туралы ұсынған еді. Егер бұл ұсыныс қабылданғанда Ресей елшілігінің мекен-жайы "Борис Немцов Плаза, 1 үй" деп аталатын еді.

Өткен жылдың желтоқсанында ұсыныс қалалық кеңесте талқыланып, қазынаға салмақ түсірмейтіні анықталған. Мұнда бар болғаны екі мың доллар көше аттары жазылған тақтайшалар жасап, ілуге жұмсалады.

Талқылаудан кейін ресейлік саясаткердің аты алаңға берілетін болды. Көшедегі мекен-жай атауы да өзгермейді, бұрынғыдай "Висконсин-авеню 2650 үй" деп аталады. Алаңға Немцовтың аты жазылған тақтайша ол өмірден өткен 28 ақпанға дейін ілінбек. Айта кетейік, белгілі саясаткерді 2015 жылдың 28 ақпанында Мәскеудің орталығында атып кеткен еді.
 

Похожие материалы