Мексикалық Coca-Cola FEMSA компаниясы өндіріске қажетті кейбір өнімдердің жетіспеуіне байланысты Венесуэлада Coca-Cola өнімін шығаруды тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы El Economista сайты хабарлайды.
Қазіргі уақытта компанияда сусынды өндіруге қажетті қант жетіспейді. Осыған байланысты тасымалдаушылар тауар жеткізуді азайтқан.
«Осы жағдайдан шығудың барлық амалдарын қарастырамыз. Біздің басты міндетіміз - компания қызметкерлерімен, органдармен, тасымалдаушылармен ортақ шешім қабылдау", - делінген Coca-Cola FEMSA таратқан хабарламада.
Соңғы уақытта Венесуэлада азық-түлік өнімдерінің жетіспеушілігі жиі орын алуда. Мемлекеттің Сыртқы істер министрі Делси Родригес тауарлардың жетіспеушілігіне АҚШ билігін кінәлап отыр.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024